
Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Жалелхан Сырым Жалелханұлы 2018 жылдың қаңтар айынан бастап осы мекемеде қызмет атқарып келеді. Уақытылы шаруашылық шарттардың бекітілуін және олардың орындалуын қадағалайды. Техникалық құралмен жабдықтаудың, мекеме ғимараты жұмыстарына ағымдағы және болашақтағы жоспарларын жүзеге асырады. Ұйымды жаңа техникалық құралдармен қамсыздандыру жұмысымен айналысады. Шаруашылық құралдарың түгелдігіне, оны толықтыруға, ғимарат ішіндегі және ауладағы тазалықтың сақталуына жауапты. Қызмет көрсетуші жұмысшылады басқарады. Ұйымның кеңсе қажеттіліктері мен күнделікті шаруашылық құралдарымен қамтамасыз ету шараларын қолданады. Өртке қарсы құралдардың толықтығы мен дұрыс жұмыс істеуін, мекеменің құралдарымен қамтамасыз етедіжәне олардыңуақытылы жөндеу жұмысынан өтуін қадағалап отырады. Ғимарат бойынша жұмыс жасайтын инженерлік байланыс, жылу мен жарықпен қамсыздандыру қызметкерлерін бақылауда ұстайды.

Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Лутфуллина Гаухарья Борисқызы мекемеде 2013 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Арнайы әлеуметтік қызмет корсетудің ағымдағы және болашақ жоспарларын ұйымдастырады. Негізгі қызметтердің орындалуын қадағалайды. Қызмет алушылардың жеке талаптарына сай арнайы әлеуметтік қызметтер мамандар тарапынан дұрыс берілуін басты назарда ұстайды. Жұмыс барысында отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланады. Қызмет алушыларға әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа әдістері мен нысандарын енгізіп отырады. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады, қызмет алушылардың заңды өкілдерімен жұмысты үйлестіруші. Ұжымдағы қызметкерлер мен қызмет алушыларға қауіпсіз және қолайлы жағдай жасайды.

Аға мейірбике Матайбаева Теңлік Мелтайқызы:
-Осы мекеме ашылғаннан бастап жұмысістеп келемін. Мекеме ашылғанда қызмет алушылар саны 80 адам болатын, қазір олардың саны 110-ға жетіп отыр. Мекемемізде психиатр, терапевт дәрігерлер, фельдшер, фармацевт, массаж мейірбикесі және кезекшімейірбикелер жұмыс атқарады. Қызмет алушыларға әр түрлі қызмет көрсететін кіші медициналық қызметкерлер бар. Сондай-ақ қызмет алушылар мекеменің ішінде емдік-спорттық жаттығулармен шұғылданады және дәрігердің тағайындауымен емдік массаж, вибромассаж «СЦЭК»-тағы әртүрлі емшаралар жасалады. Дәріханада қызмет алушыларға қажетті дәрі-дәрімектермен жыл бойына қамтамасыз етіледі. 2017 жылғы қыркүйек айынан бастап арнайы стоматологиялық кабинет ашылды. Ұжымдағы қызметкерлер қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. Қызметкерлер ұйымшылжәне бірлікшіл.

Мейірбикелер жұмысы. Мейірбикелер дәрігердің нұсқауы бойынша емдік іс-шаралар жасайды. Қызмет алушылардың шағымдары бойынша жұмыс жасап, дәрігерге жіберіп отырады және соматикалық аурулары бар қызмет алушылармен жеке жұмыс жасайды. Дәрігердің нұсқауы бойынша қызмет алушылардың дәрілерін реттеп бөліп, қабылдау уақытында дәрілерін ішуін қадағалау. Орталық ауылдық ауруханамен етене жұмыс жасаймыз. Дәрігердің нұсқауы бойынша қызмет алушыларды облыстық ауруханаға маман дәрігерлерге кеңес алуға, тексеруге жібереді. Қызмет алушыларды жыл сайынғы дәрігерлік тексеруден өткізіп отырады.

Дене шынықтыру мұғалімі Даутханов Раджан Бауыржанұлы. 2013 жылдан бастап осы мекемеде жұмыс атқаруда. Дене шынықтыру мұғалімі күнделікті қызмет алушылармен таңғы гимнастикалық жаттығулар, дәрігердің нұсқауы бойынша жеке жаттығу жұмыстарын өткізеді. Мекемеде дене шынықтыруға арналған тренажерлермен жабдықталған жаттығу залы мен үстел ойындарын өткізетін кабинет қарастырылған. Мекеме жыл сайын арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасында өткізіліп отыратын қысқы және жазғы спартакиадаларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп отырады. 2014 жылы жазғы спартакиадада 16 команда арасында «Жыл командасы» атағын жеңіп алды. 2016 жылы қысқы спартакиадада жүлделі 3 орын иеленді. Арнайы қызмет алушылар аудандық және ауылдық мекемелер арасында жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Мекеме ішінде әр мейрамға байланысты спорттықіс-шаралар ұйымдастырылады: тоғызқұмалақ, нарды, шахмат, үстел теннисі, бильярд және т.б. эстафеталық ойындар өткізіледі.

Психолог Токумтаева Раушан Байжанқызы 2013 жылдан бастап мекемеде жұмыс істеп келеді. Психологтың қызмет алушылармен жұмыс жасайтын жұмыс қабинеті мен ойын бөлмесі бар. Психолог кабинетінде қызмет алушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын реттеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, ой өрісін дамытуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге арналған тренингтер өткізеді. Ойын бөлмесіне қызмет алушылар пазлдар, құрастырғыш құрап, бос уақытын өткізуге, тынығуға келеді.

Дәрігер-терапевт Абай Жадыра 2016 жылдың тамыз айынан бастап мекемеде терапевт-дәрігер болып қызмет атқаруда. Қызмет алушыларға емдік шаралар ұсынады. Қызмет алушыларға соматикалық жағдайына байланысты дәрілер белгілейді. Облыстық ауруханағамаман дәрігерлерге кеңес алуға, тексеруге жолдамамен жібереді.

Заңгер: Мукашева Ирина Нуруллаевна мекемеге 2017 жылы жұмысқа орналасқан. Негізгі жұмыс қызмет алушылардың құжаттарын рәсімдеу, мекеменің құқықтық-заңдық мәселелерімен айналысады. Қызмет алушылардың туыстарына құқықтық кеңес береді. Қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады. Тамыз айында жеке шығармашылық концертін өткізді.


Еңбекпен емдеу нұсқаушысы Шаймарданова Эльмира Бақытқызы еңбек арқылы қызмет алушылардың физикалық және психо-эмоционалдық күйлерін жақсарту. Қызмет алушылардың қол, саусақ буындарының қимыл жұмыстарын жақсарту үшін келесі еңбек терапиясының түрлерін қоланады: биссермен өру, тоқыма тоқу, пластилиннен түрлі мүсіндер жасау, тұздалған қамырдан мүсіндер мен сурет бедерлерін жасау. Зейінді дамыту үшін келесідей еңбек терапиясының түрлерін қолданады: биссер, моншақтар тізу, тігін тігу. Ой өрісін дамыту үшін сурет салу, табиғи материалдармен жұмыс жасау. Күнделікті тұрмыстық бейімдеуге үйрету, оны сақтау және дамыту: төсек орындарын жинау, бау байлау, шаш өру ж.т.б. Мезгілдік жұмыстар: бақша өнімдерін отырғызу, қарау, ауланы көркейту жұмыстары, қыс мезгілінде қардан аққала, басқа да мүсіндер жасау.

Қауіпсіздік техникасы инженері Калиякперов Эльдар Калиякперұлы 2014 жылдан бастап осы мекемеде жұмыс істеп келеді. Мекеменің қауіпсіздік ережесіне толықтай жауапты тұлға. Ол мекеменің қоғамдық жұмыстарына, спорттық іс-шараларына белсене араласады. Мысалы, мерекелік концерттерге, облыстық спартакиадаларға, гір тасын көтеру, воллейбол ойыны, қол күрес ойындарына қатысады. Мақсаты мекеменің абыройы мен беделін көтеру.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар Сырбек Тоқтар, Бекмуханова Самал Мұқанқызы, Ымыранова Дана Тойлыбайқызы. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар қызмет алушылардың арнайы әлеуметтік қызмет түрлерін (әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық, еңбек терапиясы, мұғалімдік, мәдени, медициналық, құқықтық) қызметтерін толығымен алуын қадағалау. Қызмет алушылардың сырт келбетінің, бөлмелерінің тазалығын, тамақтануын қадағалау. Олардың туған күндерін ұйымдастыру. Әр қызмет алушыға жеке жопар құрады. Қызмет алушыларға келушілермен әңгімелеседі, кеңес береді.

Мәдени ұйымдастырушы Құралбек Қайнар қызмет алушыларға көркем фильмдер көрсетіп, кешкі дискотека ұйымдастырады. Мекемеде әрбір мерекеге байланысты концерттер, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады. Музыкалық жетекші Башай Таңжарық мекемеде 2016 жылғы сәуір айынан бастап жұмыс атқарып келеді. Таңжарық қызмет алушылардан «Атамекен» атты әншілер тобын құрды. Хор негізінен классикалық жанрдағы әндерді орындайды.

Қойма меңгерушісі Искакова Бақытгүл Ілиясқызы мекемеде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мекеменің барлық тауарлары қоймада сақтаулы. Ай сайын тапсырысты жеткізушіден тауарларды қабылдау және өз бағытында оларды тарату басты жұмысы болып табылады. Қызметкерлердің талабы бойынша керекті құралдарды, кеңсе тауарларын тізім бойынша таратады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолау көрсетіп, жағдайлары жақсы болсын деп керекті құралдар мен тауарларды уақытында тапсырыс беріп, алып отырамыз.

Асхана жұмысы.Асханада қойма меңгерушісі, аспаздар, және көмекші мамандар қызмет атқарады. Осы асхана қызметкерлері қызмет алушыларға уақытымен таңғы ас, түскі ас, кешкі астарын уақытымен беріп келеді. Қойманың меңгерушісі Акалаева Нәзима Тәттімбекқызы мекемеде жұмыс атқарып келе жатқанына 5 жыл уақыт болды. Қойма меңгерушісі тауарларды жеткізушіге тапсырыс дайындайды және қабылдап алады, олардың жарамдылық мерзімін тексеріп отырады.

Бас бухгалтер Гайсина Манат Қапарқызы бұл мекемеде 2011 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Мекеменің қаржылық жұмыстарын толығымен атқарады.Мекеме қызметкерлеріне уақытылы жалақыларын есептеп, бөліп отырады.Заңды тұлғалардың күнделікті есеп-қисабын (оның ішінде жалақы есептеу де) жүргізетін арнайы құрылымдық бөлімі. Бухгалтерия есептеу жұмыстарын ұйымдастыруға, жүргізуге, мерзімдік баланс әзірлеуге, барлық операциялардың заңдылығын, нысаналылығын, шаруашылық мақсатына сай болуын, сметалық және қаржылық тәртіптің сақталуын қадағалауға; белгіленген ережелер мен құжаттама нысандарын сақтай отырып, ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтарды есепке алу кітаптары мен тізімдемелерін жүргізу, бухгалтерлік шоттарға тиісті мәліметтерді түсіру жолымен қаржы және материалдық ресурстардың қозғалысын дер кезінде тіркеп отыруға міндетті.

Мемлекеттік сатып алушы Маратова Саида Нұржанқызы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы сауда өкілдерімен келісімшартқа тұрып, мекемеге қажетті әр түрлі тауарларғатапсырыс беріп отырады жәнежеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алады.

Кадр бөлімінің инспекторы Вейкман Кристина Ивановна мекемеде 2013 жылдан бері қызмет атқаруда. Мекемеге қызметкерлерді қабылдау осы бөлім арқылы жүзеге асады. Мекеменің бұйрықтары осы бөлімде жасалып отырады. Қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі. Мекемедегі мерекелік және спорттық іс шаралардың тұрақты қатысушысы. Жұмысын аса жоғары ынтамен атқарады.

Шаруа бибі Искакова Күлжанат Мұратбекқызы 2013 жылдан бастап мекемеде жұмыс істеп келеді. Қызмет алушыларды барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп шаруа бибінің көмегімен жүзеге асырылады.

Массажист-мейірбикесі Жетібай Қазира мекемеде 2014 жылдан бастап қызмет атқаруда. Қызмет алушыларға дәрігердің нұсқауы бойынша массаж жасайды. Массаждың теріге, асқорыту жүйесі, тыныс алу жүйесі, зәр шығару жүйесі, қан айналу жүйесі, орталық және вегетативті жүйке жүйелеріне оң әсерлерін береді. Массажер «СЦЭК» аппаратымен аяққа массаж жасалады. Массаж жасау арқылы бірнеше қызмет алушылардың тірек-қимыл қозғалысы жақсара бастады.

Шаштараз Сагитова Фарида Елтайқызы қызмет алушылардың шаштарын алумен, сақал қыру, әйел адамдардың шаштарын бояумен, қатырумен, бұйралаумен, түзетумен айналысады. Қызмет алушылардың шаштарын әр түрлі шаш үлгілерімен қияды. Мейрамдарға, мерекелік концерттерге арналған сәндік шаш үлгілері шаштараз бөлмесінде жасалады.


Нурушев Асқар Айтышұлы 2013 жылдан бастап осы мекемеде электрші қызметін атқарып келеді. Мекеме ашылғанда жоспар бойынша жарық қосу тетіктері болған жоқ. Осы тетіктерді орнатуға үлкен үлес қосқан. Ғимарат бойынша ток жүргізу электршінің көмегімен жүзеге асырылады. Осы уақыт аралығында мекеменің барлық жарық қосқыштары мен өрт қауіпсіздігі сымдарын қадағалап келеді.










