Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2008 жылдан бастап қызмет жасайды. Мекеме Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына берілген Бозанбай ауылындағы бұрынғы аудандық аурухана ғимаратының негізінде құрылған.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2013 жылдың соңында «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі толық сыйымдылыққа жұмыс жасай бастады. Мекеме басында 80 төсек орынға жұмыс істеді. Психоневрологиялық мекемелерге облыс бойынша кезекте тұрған адамдардың көптігіне байланысты 80 төсек орыннан 105 төсек орынға дейін ұлғайтуға шешім қабылданды. Бүгінгі күнге төсек орындары 118 дейін жеткізілді. 2019 жылдан бастап қызмет алушылар саны 151 адамға дейін көбейтілмек.
Бұндай мекеменің 2500 адам бар ауылға ашылуы үлкен қуаныш болды. Жұмыспен 110 астам адам қамтамасыз етілді. Осы уақыт аралғында Орталықта көптеген оң өзгерістер болды. Қызметкерлер мен қызмет алушылар әр түрлі мәдени және спорттық шараларға қатысып жүлделі орындарға қол жеткізуде. Қызметкерлердің жылулығы мен мейіріділігінің, шыдамдылығының арқасында қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық адамдар өздерінің күштеріне сеніп қиыншылықтарды жеңуге ұмтылады. Қызмет алушылардың әлеуметтік бейімделу және оңалту жұмыстары бойынша табысқа жетуі, мамандардың айтарлықтай дәрежеде кәсіби және сауатты ұйымдастырылған іс-қимылдарына тікелей байланысты.
Халықтың өмір сүру сапасын және деңгейін арттыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтары болып табылады. Бұл мақсатта республикалық, облыстық және аймақтық бағдарламалар ең алдымен осал деңгейдегі халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Мекеме қызметінің негізгі бағыттары ол – белгіленген стандарттарға сәйкес стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну. Қызмет алушылардың өздерінің қажеттіліктеріне қарай жекелей даму деңгеин көтеруге бағытталған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтендіру және интеграциялау. Ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын және тиімділігін жоғарлату және барлық кемсіту түрлерінен, физикалық және психикалық зорлықтан, қорлықтан, өрескел қатынастардан қорғау.
Біздің ұйымның негізгі мақсаты болып қызмет алушыларға жасына және денсаулығына қарай үй жағдайына жақындатылған өмір сүру жағдайрларын жасау болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде өз ерекшеліктері бар
Біздің мекеменің басқа әлеуметтік және медициналық мекемелерден ерекшелігі қызмет алушыларда. Көптеген жағдайда науқастар психоневрологиялық мекемелерге түсіп өмірінің соңына дейін қалады. Қызмет алушылар жылдар бойы әлеуметтік оқшаулау жағдайында болады.
Осыған орай Орталықтың қызметі әлеуметтік, мүгедектердің тұрмыстық жағдайларын жасауға, өмір сүру белсенділігін арттыруға бағытталған.
Біздің Орталық ауылды жерде орналасуына байланысты кадр мәселесі байқалады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әр түрлі технологиялық әдіс тәсілдерді меңгерген білікті мамандардың жетіспейді.
Бұл мөселелерді шешу үшін әр түрлі бос орындар жәрменкелеріне қатысамыз. Алайда облыс орталығынан қашықтықта болуына және мекеменің ауылды жерде орналасуына байланысты жас мамандар, дәрігерлер ауылды жерде қызмет жасауға бас тартуда. Ауданда «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша көтерме қаражат пен несиеге тұрғын үй алу мәселесі қарастырылған.
Әлеуметтік маңызды тапсырмаларды орындау, мемлекеттің қарамағындағы адамдардың алғысы, осы саладағы жұмысыңнын оң нәтижесін сезіну- осының барлығын біздің қызметіміздің табысы деп айтуға болады.










