«Елордам – еуразия жүрегінде» тақырыбы аясында мәдени-спорттық іс-шаралар өткізілді
06 шілде күні ел азаттығының 30 жылдығы мен Астана күнінінің құрметіне арналған спорттық және мәдени іс-шаралар өткізілді.
Шараның басты мақсаты қызмет алушылардың өз отанын, туған жерін бағалай біліуіне, құрмет тұтуына, азаттықтың қадірін терең түсіне білулеріне баулу арқылы отансүйгіштік сезімдерін арттыруға, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталады.
Барлық карантиндік талаптар сақталынған бұл шара тек мекеме ішінде карантиндік режимде жұмыс атқарып жатқан қызметкерлермен бірге қызмет алушылар арасында қызықты деңгейде аталып өтілді.
Ең әуелі спорттық сайыстармен басталып «Қыран» және «Бәйтерек» командалары сайыстың 5 түрінен үздік болып шықты. Жарыс 30 метр қашықтыққа жүгіру, қол күрес, кеуде бүгу (отджимание), жіптен секіру, отырып тұру секілді күрделі сынақтардан болды. Үздік топтар мадақтама және сыйлықтармен марапатталды.
Мереке соңы өнерлі қызмет алушылар құрамындағы концертпен жалғасып, әсем ән мен тәтті күй, мың бұралған биге ұласты. Барлығы би билеп, шаттанып, мерекелік көңіл-күйді жоғары деңгейде сезіне білді.
«Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Астана күніне арналған










