Мекемеміздің тағы бір еңбегі мен жемісіне айналған елеулі жұмыс атқарылды. 29 қазан күні «Әлеуметтік жұмыс жүйесі қызметкерлері күні» мерекесіне орай қызмет алушы Лавринович Наталья мен Бозанбай ауылының тұрғыны Карпов Владимирдың үйлену тойлары өткізіліп, ұзатылу салтанаты жасалды.

Карпов Владимир мен Наташа екеуі 2020  жылы бөлек шыққан жұп Куимов Евгений мен Хамраева Гульмираның үйлену тойында танысып, сол арқылы араларында таныстық махаббатқа ұласып, бір-біріне деген сезімдерін білдіреді. Сонымен, өзара келісімдері бойынша бас құрау шешіміне келіп, мекеме басшылары және құзырлы орындардың рұқсатынан өтіп, үйлену рәсімдері белгіленіп, заң жүзінде бастарын қосып отыр.

Екеуіне тек жақсылық, қоғам ішінде орындары бар бақытты жанұяға айналсын деп тілейміз!