Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған күнтізбелік  іс-шаралар өткізілді. Жоспар бойынша қызметкерлер ішіндегі патриоттық әндер байқауы, кино, кітапханадағы рухани кеш, мерекелік концерт және би кеші өтті.

 

Патриоттық ән байқауына 8 қызмет алушы қатысып, оның ішінде Малыга Светлана 1-орын, Машекенов Әлібек 2-орын, Маньков Дмитрий 3-орынды иеленді.

 

 «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай, «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»  КММ кітапханасында 25 қараша күні «Елімнің ері атанған – елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстел қатысушыларына қысқа метражды деректі фильм көрсетіліп,  Тұңғыш Президентіміздің  халыққа деген адалдығы мен жанашырлығы және қазақтың бағына туған дара тұлға екені әңгіме етілді.Мәңгілік елімізді дамыған 50 елдің қатарына қосып, терезесі тең, керегесі кең болуына қосқан үлесі мен ерен еңбектері тереңінен атап өтілді.

 

Сонымен қатар, Тұңғыш Президентіміздің өмірімен және қызметімен тығыз байланысқан тарихи оқиғалар жөніндегі кітап көрмесі өтті. Бұл көрменің мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуында Тұңғыш Президентіміздің рөлін көрсету және әлеуметтік қызмет алушылардың патриоттық сезімін ояту.