15.12.2021.ж «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де еліміздің ең ұлық мерекесі тәуелсіздік күнімен қатар, ел болып етек жинап, туымызды тіктеген күніміз, азаттық алған күніміздің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өткізілді. Әсем әнмен тәтті күйдің аясында өткен мерекеге қызметкер, қызмет алушылар қатысып жоғары көңіл-күй мен бірге мерекелік шабытқа кенелді.

Осы іс-шара тікелей мемлекет басшысы Қасым-Жомар Кемелұлымен мекеме директоры Асхат Назарбекұлының қамқорлығы мен іскерлігі деп бағалауға тұрарлық нәтиже. Тек қана тыныштықта, еліміз аман, жұртымыз берекеде бола берсін.