«Бозанбай АӘҚКО» КММ-нің еңбек кабинетінде қызметкерлер мен қызмет алушыларға  «Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мейрамы» апталығы аясында ұлттық бұйымдармен таныстыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шарада киіз үй бұйымдарымен, ұлттық қолөнермен, ұлттық киім-кешектермен, ыдыс-аяқ бұйымдарымен, тоқыма өнерімен, кестелермен, сәнді бұйымдармен, ат әбзелдерімен, таныстырылды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға шашу шашылды.