18.03.2022.ж «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де «Хош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ең бірінші кезекте қызмет алушыларға арналған мерекелік концерт өткізілді.
Мереке өзгеше форматта өте жоғары деңгейде өткізілді. Мерекеде әр бөлімше әртүрлі қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетіп, дәстүрімізді дәріптеуге ат салысты. Медицина бөлімі қамшы ілу дәстүрін көрсетсе, әкімшілік бөлімі қыз ұзату дәстүрін, шаруашылық бөлімі тұсау кесер дәстүрін, асхана бөлімі сырға салу салтын жоғары дәрежеде көрсетіп, ерекше атмосфера қалыптастырды.
Әр бөлімше өз тараптарынан мерекелік үстел жасап, қазақи бұйымдардан әрлеп, бір-біріне қыдырып, наурыз көже ішіп, мәз-мәйрам болысты. Барлығы өз тілектерінде елімізге тыныштық, халқымызға жақсылық, береке тіледі.
https://bcossu.rka.kz/kz/zhanaly-tar/129-armysy-z-nauryz.html#sigFreeIde6a5776935










