06.05.2019ж. сағ 10:00 де мекемемізде қызмет алушылармен қызметкерлер арасында спорттық ойындардан 7 мамыр «Отан қорғаушылар күніне» орай жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа әкімшілік, шаруашылық, медицина бөлімдері қатысты. 100 метрге жүгіру, арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру сияқты 4 турдан болған қызықты сайыста медицина бөлімі 1 орын, шаруашылық 2 орын, әкімшілік 3 орындарға ие болды.
06.05.2019.ж сағ 16:10 да мекемеміздің қызмет алушы ер азаматтарына арналған мерекелік концерт өтті. Қызмет алушы әйел кісілерден Малыга Светлана, Лавринович Наталья, Яркова Валентина, Ишмухаметова Тамаралар ер азаматтарға арнаған ән шашуларымен жыр шумақтарын арнады.
https://bcossu.rka.kz/kz/zhanaly-tar/91-7-mamyr-otan-or-aushylar-k-nine-oraj-zharys-jymdastyryldy.html#sigFreeId4c71804c2b










