Мекемемізде «Халықаралық қарттар күні» мерекесі жоғары дәрежемен өткізілді. 1-қазан күні сағ 11:00 де бұрын мекемеміздің гүлденуіне үлестерін қосқан, еңбек еткен, зейнеткер аталар мен апларымыз шақырылды.

        

Мереке басы директор Асхат Назарбекұлының құттықтауымен басталып, көңілді концертпен ұласып, өнерлі қызмет алушылар мен қызметкерлер тартымды кеш ұйымдастырды. Айта кетсек қызмет алушылардан құралған «Победа» хор үйірмесі, «Грация» би тобы, жаңа келген қызмет алушы Матакбаева Анар өз кезегінде өнер көрсетті.

        

Зейнетке шығып жатқан бірқатар кісілерге гүл шоқтары ұсынылды. Шара соңы зейнеткер қызметкерлерге арналған ақ дастарханға жалғасты.