«Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

КГУ «Бозанбайский центр оказания специальных социальных услуг»

Мекемемізде 11 қазан күні «Халықаралық мүгедектер күні» мен қайырымдылық айына орай мерекелік кеш, әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды.

Концертке қызмет алушылар белсене қатысып, өздерінің өмірге, өнерге құштарлықтарын айқындап көрсете білді. Ән мен бірге би де билеп, көңілдерін көтерді.

Жалпы мерекелік шараның мақсаты қызмет алушылардың әркездегі шығармашылық қабілеттерін дамыту, халықаралық, мемлекеттік ауқымды мейрамдардың қадірін сезіндіру болып табылады. Әрбір концерт сайын мекемемізге жаңадан келіп жатқан өнерлі қызмет алушылар болса алға ұмтылдыру, өз қабілеттерін арттыру міндетіміз болып табылады.

.