Жаңалықтар
09.05.2019 жылы «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мекемесі директоры Асхат Сүттібайұлы бастаған барлық ұжым қызметкерлері таңғы сағат 09:00 де айбынды парадпен Бозанбай ауылдық орталық батырлар ескерткішіне барды.
06.05.2019ж. сағ 10:00 де мекемемізде қызмет алушылармен қызметкерлер арасында спорттық ойындардан 7 мамыр «Отан қорғаушылар күніне» орай жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа әкімшілік, шаруашылық, медицина бөлімдері қатысты. 100 метрге жүгіру, арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру сияқты 4 турдан болған қызықты сайыста медицина бөлімі 1 орын, шаруашылық 2 орын, әкімшілік 3 орындарға ие болды.
08.05.2019ж. сағ 15:00де мекемемізде Ұлы жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өткізілді.
Мекемемізде 30 сәуір күні «1-мамыр Қазақстан халықтары достастығы күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Мекемеміз келіп жеткен Әз Наурыз мейрамына орай арнайы қызмет алушылармен қызметкерлерден құралған концерттік бағдарлама өткізді.














