Қызметкерлер арасында өткен 5 сайысқа мекеменің асхана бөлімі, әлеуметтік бөлім,  әкімшілік бөлімі, медицина бөлімі, шаруашылық бөлімі арасында өтті. Әр бөлімнен бір ер және бір әйел адамнан қатысты. 5 сайыс бойынша:

Бас жүлдені Әкімшілік бөлімі жеңіп алды. Спотрттық сайыстар және өнер сайысы өте тартысты және жоғарғы деңгейде өтті.

Ән байқауының мақсаты: қызмет алушылардың отанға деген патриоттық рухын жоғарлатып отан үшін қаза болған батырларды құрметтеп үлгі өнеге тұту.

Байқауға жеке вокалда 6 қызмет алушы және ата мекен хор үйірмесіндегі 10 қызмет алушы қатысты әр қатысушы 2 патриоттық ән орындауға міндеттелді

Жарыс соңында әділ қазылар өз бағаларымен қызмет алушыларды марапаттады. Жанды дауыспен жоғары деңгейде орындаушылық шеберлігімен

  • Малыга Светлана 1 орын
  • Отарбаев Ернар 2 орын
  • Лавринович Наталья 3 орын

Бас жүлдеге ерекше орындау шеберлігімен жанды дауыста орындап әннің артына театрландырылған көрініс көрсетіп, сахна мәдениетімен көзге түскен Маньков Дмитрий марапатталды

Концерт соңы қызмет алушыларға мерекелік би кешімен аяқталды.