Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі-
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр, сап теңтек жігіт- жел еседі.
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң тамаша - дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардан асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
Көктем, көктем! Қыз көктем ауылдағы - , деп Мұқағали атамыз жырлағандай, асыға күткен көктем де келіп жетті. Соған орай, мекемемізде кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Көктем мерекесі – Наурыз» атты насихаттау кеші өтті.
Мерекелік шараның мақсаты Наурыз мерекесі туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге шақыру.
Мерекелік шараны өткізу барысында қызмет алушыларға қазақ халқының ұлттық киімдері, ою-өрнектері, ұлттық ойындары, қазақы әшекей бұйымдары және Наурыз көженің құрамына қосылатын тағамдары жайлы толық сипаттама берілді. Сонымен қатар, қатысушы қонақтарға сұрақтар қойылып, жауаптар берілді. Барлдық материалдар презентация және бейне жазба түрінде көрсетілді.
https://bcossu.rka.kz/kz/zhanaly-tar/127-mekememizde-kitapkhana-yzmetkerini-jymdastyruymen-k-ktem-merekesi-nauryz-atty-nasikhattau-keshi-tti.html#sigFreeIdf3e4411127










