«Бозанбай АӘҚКО» КММ мекемесінде арнайы қызмет алушыларға арналған туған күн кеші өткізілді. Желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз айларындағы туылған қызмет алушылардың басын қосып директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Гаухарья Борисовна барлық туған күн иелерін құттықтады. Әлеуметтік қызметкерлер жасаған тәтті торт пен бірге қызмет алушылар бір-біріне жылы тілектерін айтып, ән салып, би билеп, көңілді кештің куәсі болды.