«1-мамыр қазақстан халықтары бірлігі күні» мерекесіне арналған іс-шара 3 мамыр күні өткізілді. Жоғары деңгейде өткен мерекелік шарада әр бөлім таңдалған ұлттардың өнерін, киім үлгісін, ұлттық тағамдарын дайындап шықты. Әкімшілік бөлімі қытай, кәріс ұлтын, медицина бөлімі үнді, шешен ұлтын, шаруашылық бөлімі молдаван ұлтын және асхана бөлімі якут ұлтының дәстүрі, өнерімен таныстырды. Мерекеде өзге ұлттар тілінде де әндер шырқалып бағаланды. Қытай, моңғол, ұйғыр тілдерінде айтылған өнерпаз әншілерге де номинациялар берілді. Кеш соңы марапаттау және бағалы сыйлықтар таратумен аяқталды.
View the embedded image gallery online at:
https://bcossu.rka.kz/kz/zhanaly-tar/132-1-mamyr-aza-stan-khaly-tary-birligi-k-ni-merekesine-arnal-an-is-shara-3-mamyr-k-ni-tkizildi.html#sigFreeId74e70a5d5d
https://bcossu.rka.kz/kz/zhanaly-tar/132-1-mamyr-aza-stan-khaly-tary-birligi-k-ni-merekesine-arnal-an-is-shara-3-mamyr-k-ni-tkizildi.html#sigFreeId74e70a5d5d










