5 шілде Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Астана күніне арналған «Жайнай бер, Елордам!» атты мерекелік концерт өткізілді.
Мерекелік іс-шара қызметкерлер мен қызмет алушылар бірлескен үлкен шараға ұласып, мекеме директоры Асхат Назарбекұлының құттықтау және марапаттау рәсіміне жалғасты. Мекеме басшысы барлық қызмет алушыларды мерекелерімен құттықтап, үздік қызметкерлерге мадақтама қағаздарын табыс етті. Арнайы қызмет алушы Деревянко Дарьяға заманауи, жап-жаңа мүгедектерге арналған қол арба табыс етілді.
Мерекелік шара жоғары деңгейде өткізіліп, әсем ән, көңілді билер орындалды. Қызмет алушылар тағы бір мерекелік көңіл-күйге бөленіп, көңілдері көтерілді.










