Арнайы қызмет алушылардың рухани демалысы мен патриоттық сезімдерімен ұштасқан мереке әуелі рәміздерімізді ұлықтаумен басталды.

 

4 маусым түстен кейін директор Асхат Сүттібайұлының құттықтауымен, мемлекеттік әнұранның шырқалуымен ары қарай басталды.

 

Қызмет алушылармен бірге қызметкерлер 5 топтан бөлініп әр топ 200 метр қашықтықпен өзара мемлекеттік туымыз көк байрағымызды бір-біріне жалғап беру шеруімен мерекенің айбыны асты.

 

Барлық қызметкерлер мен қызмет алушылар Бозанбайдың ең көркем жері Сібе өзенінің бойына барып, табиғат аясында жалғасты. Сол жерде дастархан жасалып, өнерпаздар өнерлерін көрсетті. Мықтылар спорттық ойындарға қатысып мерекенің мерейін үстем етті.